Қасымханов көшесіндегі дүкен ғимаратын (көшенің алғашқы атауы – Ломачевская, кейін Повстанческая) ХІХ ғ.а. танымалы көпес, кәсіпорыншы Архипов салды. Архипов ұн және бакалея сауда жүргізді.
1910-1917 жж. Архиповтың Ломачев (Қасымханов) көшесіндегі дүкенінде – «Центроспирт» көтерме сауда (мемлекеттік) шарап дүкені орналасты. Революциядан кейін ғимарат сауда кәсіпорын ретінде пайдаланды.
Болжам бойынша 1905-1910 жж. мекеме иесі «Столь и К0» болған, ол өнеркәсіпші Архипов банкротқа ұшыраған соң сатып алған. Кәсіпорыншы Столь ауыл шаруашылық машиналарын сату «Столь и К0» фирмасының басшысы болған.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш датасы – XIX ғасырдың соңы -ХХ ғасырдың басы
Орналасқан жері, мекенжайы: Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 59
XIX ғ.аяғы мен ХХ ғ.басына тән бір қабатты ғимарат. Тұрғын үй қызыл кірпіштен салынған. Төбесі биік, терезелері арка түрінде. Бут тасынан жасалған іргетасындағы тік бұрышты үй.