Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Көпес Вороновтың үйі (Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы)

ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық сәулет ескерткіші Қазақстанның солтүстік аймақтарының құрылысына тән. Авторы, құрылысшысы, құрылу тарихы – белгісіз.

Тұрғын үй шаруашылық құрылыстарымен, соның ішінде ат қорасымен бірге көпес Вороновқа тиесілі болған. Кірпіш қалануының беріктігі, мұқият жасалған әрлеу, қасбеттегі кірпіштен жасалған әсем өрнек, жертөлесінің тереңдігі мен мықтылығы таң қалдырады. Үй жертөлесінің қабырғасының ені жарты метрден артық. Жергілікті көмбе іздеушілердің пікірі бойынша дәл осы үйде құпия қор сақтайтын жерлер аз болмаса керек. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ғимаратта әр түрлі мемлекеттік мекемелер орналасты. Соғыстан кейінгі жылдары ауыл шаруашылық басқармасы, асхана және мейрамхана тресі, облыстық Толстой атындағы кітапхана болды. 1979 жылдан ғимаратта облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы орналасқан. 

2009-2010 жылдары жүргізілген күрделі жөндеудің нәтижесінде кітапхананың аумағы кеңейді, ішкі ауланың бос қойма үй-жайларының орнына жаңа ғимарат салынды.

 

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш мерзімі: XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы  

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 74.

 

Кесек тастан жасалған таспалы іргетастағы бір қабатты кірпішті құрылыс. Асимметриялы, Г-түріндегі ғимарат бойлық осьпен Қасымханов көшесімен созылған. Негізгі қасбеті тас жақтау маңдайшалармен жарты баған түрінде безендірілген тікбұрышты терезелермен бірқалыпты бөлінген, оған бедерлі маңдайша кенере тіреледі. Қасбеттің ұзын жазықтығы сүйір маңдай қабырғалы есік түріндегі тік акцентке бөлінген. Есіктің жоғарғы жағында металл торға жалғасқан  жұмыр күнқағары бар. Жоғарғы жағын,  қабырғаның  бір бөлігін және маңдайша қабырға алаңын көлемді сәнді элементтер алып жатыр. Кіреберісі екі жағынан жиекті  төрт қырлы ұстынмен шектелген. Терезе астынан ғимараттың барлық периметрін бойлай тас белдеу өтеді. Қабырғалар тіреуішке тірелген сәнді белдеуі бар сатылы ернеумен аяқталады. Екі жағы да еңісті шатыры металл жабынмен жабылған. Терезелері металл пластиктен, екі жаққа ашылады. Есіктері жұқатақтайлы металл. Қабырғаларының сырты сыланбаған. Ғимараттың жертөлесі бар.

Бөлмелердің орташа биіктігі – 3,60 м. Құрылыс көлемі – 2153 м3