XX ғасырдың басындағы Қостанай қаласының келбетін қалыптастыратын қоғамдық мақсаттағы тарихи құрылыс элементі.
Эклектика үлгісі классика мен ежелгі орыс сәулетінің тәсілдерімен ұштастырылған. Бастапқы мақсаты – реалдық училище. 1950 – 1980 жж. мектеп ретінде қолданылды. Автор, құрылысшы, құрылу тарихы – белгісіз.
2 қабатының жапсаржайы кейінірек салынды 1-қабатында ауланың оңтүстік-батыс жағында жапсаржай орналасқан. Ғимарат қайта жаңартылды, бұл ғимараттың қасбетінің өзгеруіне әкеп соқты
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш датасы – ХХ ғ.б. 1910-1912 жж.
Орналасқан жері, мекенжайы: Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86
Ғимарат Пролетарская және Алтынсарин көшелерінің бұрышында орналасқан. Кіреберісінің бір есігі батыс жағынан, басқалары оңтүстік жағынан. Екі қабатты, кірпіштен жасалған, П әрпі тәрізді үй. Іргетасы буттан, таспалы.