Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Тұрғын үй

ХХ ғасырдың басы Қостанай қаласының тарихи құрылысының бағалы элементі.

Сәулет ескерткіші –эклектик үлгісіндегі классицизм элементтерін пайдаланған.

Үйдің иесі көпес Глотов.Кеңес үкіметі кезіңде қылмыс іздестірудің бастығы И.М. Приходькоға тапсырылды.

Авторы, құрылысшысы – белгісіз. 

Қосымша құрылысы бар, бірінші қабаттағы терезелері кірпішпен жабылған. Жертөлесі аздап бұзылған.

 

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш датасы –  XX ғасырдың басы, 1902 жыл 

Орналасқан жері, мекенжайы: Қостанай қаласы, Набережная көшесі, 9.

 

 Екі қабатты, кірпіштен жасалған жоспар бойынша тік бұрышты ғимарат. Кіреберіс есігі шығыс жағынан. Екінші қабатқа бірмаршты баспалдақпен дәліз арқылы кіруге болады. 

Ернеуі кең, баспалдақты, белбеумен аяқталады. Қабаттары баспалдақты ернеумен бөлінген.

Іргетасы буттан, аралықтары ағаштан жасалған. Пешпен жылытылады, олардың біреуі голландық.

Жоспардағы мөлшері: 11 х 9,5 м. Жалпы алаңы – 104,5 м. Бөлмелер биіктігі – 3 м.