Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Көпес Лорецтің сыра қайнату зауыты («Арасан» фирмасы» ЖШС)

Солтүстік Қазақстан өңіріндегі XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы өнеркәсіптік  сәулет ескерткіші. 

Бүгінгі күні пайдаланылып отырған өнеркәсіп кешендерінің бірі.  Қасбетін безендіруде эклектика тәсілдерін қолданған. 

1883 жылы Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен Қостанайдың жайылымдық жеріне Троицкіден келген ірі көпес әрі мал сатумен айналысатын, швейцариялық А.П.Лорец пруссиялық И.А.Павликпен бірлесіп сыра қайнататын зауыт салған, осы уақытқа дейін сақталған және  қазіргі уақытта да «Арасан» АҚ сыра зауыты. Көп кешікпей И.А. Павлик сыра қайнату ісіне қатысудан бас тартады, ал Лорец бастаған істен қашпайды. 1906 жылы Ростовта және 1908 жылы Италияда өткен Рим көрмесінде Лорец зауытының «Шығыс Бавариясы» сырасына құрметті  медаль беріледі. Сыра зауыты тұрақты жұмыс істеді, мысалы, 1905 жылы небәрі 8 жұмысшымен сыра өндіріп, 20 мың сомға сатқан.  

Революция кезінде Антон Петрович өзінің ісін шұғыл түрде тоқтатып, шетелге кетіп қалды. 1917 жылы зауытты Самарада тұратын  Кроль деген біреу сатып алғанымен, өндірісті жолға қоя  алмады. Зауыт біраз уақыт Троицк сыра зауытының қоймасы болды.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1920-шы жылдары ғимаратқа «Красный ткач» шұға фабрикасы орналасты, одан кейін крахмал өндірісі болып, Ұлы Отан соғысы жылдарында казеин шығарды, кейіннен сыра өндірісі қайта қалпына келтірілді (зауыт жертөлесінде кезінде А.П. Лорец орнатқан сыра қайнататын кеспектер сақталған). 

 

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш мерзімі: XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы, 1907 жыл

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі 238

 

Сыра қайнату кешені қаланың шет жақтағы ескі бөлігінде орналасқан. Орамды толығымен  алып жатыр. Ғимарат күйдірілген кірпіштен салынған. Сыра дайындау процесі өтетін екі негізгі корпусы Қайырбеков көшесінің бойында орналасқан, бүйір жақ беті де сол көшеге қарайды және биіктігі бойынша түрлі көлемді, көтергіш қаңқасы толық емес құрылыстық сұлбаны қолданған жалпы құрылысты құрайды. Қабырғасында бір қалыпта құйылған кірпіштен 1907 жыл деп құрылыс мерзімі көрсетілген.  

Зауыт аумағына Қайырбеков көшесі жағынан өтетін бөлме арқылы кіріп-шығады. Қайырбеков көшесіне шығатын қасбеті сәндік элементтермен безендірілген. Негізгі қасбетті эклектика тәсілдерін - қорған тасына ұқсатып бір қалыпта құйылған кіпріштерден жасалған пішінделген белдік, сәндік белдік, терезе ойықтары, садақты маңдайша және маңдайша кенерелерді қолданып ерекше безендірген. Шетжақтағы көлемі биіктігі бойынша әр алуан болып келген кірпіш бағаналы жатаған қабырға және маңдайша қабырғалармен аяқталады. Негізгі қасбеті иықшалармен, бір кездері негізгі кіріп-шығатын есік болған бөлігі жарты бағаналармен бөлінген. Осы жарты бағаналарда шығыршықтар сақталған, шығыршықтарға аттарды байлаған деген болжам бар. 

Зауыт аумағына асфальт төселген. Цехтардың едендері, төбелері мен қабырғалары цехтың функционалдық мақсатына және санитарлық нормаларға сәйкес материалдармен қапталған. Шатырлары біріктірілген, бір еңісті, рубероид  қабатымен жабылған. Зауыттың аумағы – 9,5 га жуық.