Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бұрынғы гимназия директорының үйі (нотариус)

 

Орыс сәулет ескерткіштерінің бірі, Қазақстанның солтүстік аймақтарына тән құрылыс. Авторы, құрылысшысы, құрылу тарихы– белгісіз.

Қостанай облыстық  тирихи-өлке тану мұражайының қоры мәліметтері бойынша гимназия директорының үйі болған.

Жөндеулер ғимараттың алғашқы бейнесін өзгертпеді. Аралық қабырғалары жойылып, ішкі жағындағы есік ойығы жабылған. Батыс және оңтүстік жағынан қосымша жалғай салынған.

 

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш датасы – XIX ғасырды соңы– XX ғасырдың басы

Орналасқан жері, мекенжайы: Қостанай қаласы, Кайырбеков көшесі, 75/1, Тәуелсіздік көш. бұрышы.

 

Ғимарат бұрынғы гимназия аймағында орналасқан. Кірпіштен жасалған, таспалы бут іргетасында орнатылған. Жоспарда төрт бұрышты мекеме (10,40 х 11,0 м)

Қайырбеков және Тәуелсіздік көшелерінің киылысындағы қасбеті сәнді әзірленген. Бұл қасбеттердің әрқайсысы ортасында рустовалық күректермен ажыратылған, ішкі құрылымымен конструктивті байланыстырылған. Әр бөлшегінде терезелері екеуден жасалған. 

Жабыны екі скатты. Ернеулері баспалдақты.

Құрылыстың биіктігі – 3,6 м. Құрылыс көлемі -  411,8 м3