ХІХ ғасырдың басындағы азаматтық сәулет ескерткіші. Қазақстанның Солтүстік аймағына тән құрылыс үлгісі болып табылады.
Авторы, құрылысшы, құрылу тарихы – белгісіз.
Қосымша салынған екінші қабаттың құрылысы ғимараттың алғашқы түрін толығымен өзгертті.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш датасы – XIX ғасырдың соңы– XX ғасырдың басы
Орналасқан жері, мекенжайы: Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75, Тәуелсіздік көшесінің бұрышы.
Бут іргетасы таспасында құрастырылған екі қабатты, кірпішті ғимарат. Жоспар бойынша П әрпі түрінде, жоспарлық сызбасы бойынша – галереялық тип. Кіреберіс есігі шығыс бұрышы жағынан. Қасбеті елек түрінде әзірленген.
Ғимарат қасбеттерін ресімдеу екі жазықтықты қарсы қою арқылы шешілді: сәндік, 1-ші қабаттың беті және тегіс, ешқандай сәндік элементтерінсіз, 2-ші қабаттың беті.
Кіреберіс ойық үстінде сәнді элемент – розетка, көп кезеңнен тұратын ернеуі бар. Ғимараттың қабырғаларына көп сатылы карниз сән береді.
Құрылыс көлемі - 6324 м3.