Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Балалар музыка мектебінің ғимараты

Бұрын №1 бастауыш мектеп, Пятаков мектебі орналасқан ғимарат туралы алғашқы естеліктерде былай дейді: «ХХ ғасырдың басындағы азаматтық сәулет ескерткіші Қазақстанның солтүстік өңірлеріне тән құрылыс техникасының үлгісі болып табылады. Бірінші мектеп (кейіннен музыка) ғимаратының құрылысы 1909 және 1915 жылдар аралығында бірнеше жыл бойы жүргізілді. Ғимарат үлгісі және жоспары бойынша Қостанай қаласының бастауыш училищелерінің біріне арналған (бір сыныпты сегіз орыс училищелерінің бірі) болатын. 1915 жылы тамыз-қыркүйекте ғимаратқа майдан жанындағы губерниялардан  келген босқындар (неміс ұлтының өкілдері), кейінірек әскерлер орналастырылды.  Корпустардың біріне Қалалар Одағының әскери шағын ауруханасы орналастырылды. Бұрынғы жергілікті атауы Пятаков мектебі, оның жандарм болғаны белгілі. Мектепке неге оның есімі берілгені белгісіз».

Ол 1948 жылдан  № 1 мектеп. Мектептің меңгерушісі Григорий Иванович Кривощеков болды. 1971 жылы жазда Чехов көшесінде бірінші мектеп үшін жаңа ғимарат салынды.

Қазіргі уақытта ғимаратта балалардың музыка мектебі орналасқан.

 

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш мерзімі: XX ғасырдың басы, 1911 ж.

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Қозыбаев көшесі 37, Павлов көшесінің бұрышы.

 

Ғимарат кесектастан тұрғызылған іргетасқа күйдірілген кірпіштен салынған. Тікбұрышты ғимарат дәліз түрінде жасалған. Қасбетінің қабырғалары, ауласының қабырғасынан басқасы терең ойықты көлбеу қашаутастармен безендірілген. Ғимараттың іргесі ернеумен шектелген. Терезелері садақша маңдайшалы, тікбұрышты. Ойықтары бедерлі маңдайша кенерелі стильге келтірілген әсембағанды жарты бағаналармен безендірілген. Қабырғалары пішінделген белдікпен және төмен қарай түскен сатылы ернеумен аяқталған. Шатырының құрылымы ағаштан, металл табақтармен жабылған.  

Жоспардағы өлшемі: 18 х 24 м. Ғимараттың биіктігі – 4 м. Жалпы биіктігі - 9,4 м. Құрылыс көлемі - 5117 м3