Орыс сәулет ескерткіштерінің бірі, ХХ ғ.б. Қазақстанның солтүстік аймақтарына тән құрылыс. Авторы, құрылысшысы, тарихы– белгісіз.
Ғимарат 1909 ж. және 1975 ж. құрылғаны мүмкін. Фронтондағы датасы - 1912 ж. Бір сыныпты бастауыш училищесіне арнап салынған құрылыс, 1915 ж. майдан жанындағы губерниялардан жер аудару себебінде келген босқындар, кейін әскерлер орналасқан.
Қосымша құрылыстары бар. Жертөле қабаты ақ түспен белгіленіп, алғашқы бейнесін өзгерткен.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш датасы – 1912 жыл
Орналасқан жері, мекен-жайы: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 33.
Ғимараттың бұрышта орналасуы жоспарда оның Г-түріндегі нысанда болуына себепші. Көлемдерінің әртүрлі биіктіктегі қатынасы көлемді кеңістік композициясын құрайды. Ғимарат бутты таспалы іргетасында орналасқан кірпіштен салынған. Сыртқы қабырғалары, жертөле, беткі қаламасы кірпіштен. Жабыны ағаштан, тұтас темірбетонды, металдық қалқа бойынша. Қабырғалары мен ішкі бөліштері кірпіштен. Қабырға бұрыштары рустовалық лопаткалармен ерекшеленген. Қабырғалардың рустовалық беті тік бұрышты терезе ойықтарымен бөлінген. Сәнді сандриктерді шектейтін жарты колонка түріндегі тас мңдайшалармен көркемделген.
Негізгі көлемі бір қабатты, ғимараттың шығыс бөлшегі екі қабатты. Негізгі кірісі солтүстік-шығыс жағында. Кіреберіс ойықтың үстінде кішкене терезе бар, жоғары фасонды кірпіштен раушын түрінде сәнді элемент. Қабырғасы фронтонмен аяқталады, құрылыс жылы белгіленген, көп баспалдақты ернеуі бар.
Бөлмелер биіктігі – 4,20 м. Құрылыс көлемі - 3829 м3