Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Көпес Яушевтердің пассажы (Тарихи-өлкетану мұражайы, Достық үйі)

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы Солтүстік Қазақстан қалаларындағы азаматтық сәулет ескерткіш құрылыстарының бірі. «Модерн» стилінде. Авторы – белгісіз.

Ғимаратта Яушевтар Сауда үйінің дүкенінен басқа Стахеев ірі сауда фирмасының үлесі бар «Пассаж» типінде салынған, яғни айналы шыныдан тұратын сауда залдарының галлереясы түріндегі қоймасы және «Ағайынды Яушевтар» Сауда үйі Қостанай бөлімінің басшысы Абдулвали Яушевтың үлкен үйі болған. 1903 жылғы санағы бойынша құрылыстың бағасы - 12000 рубль. Қосымша құрылыстар арқылы 1912 жылы пассаж бағасы - 28000 рубль. Яушевтердің пассажы көптеген жылдар бойы құрылған.

«Ағайынды Яушевтар» Сауда үйінің  Троицкіде ірі әмбебап дүкені, Ташкентте, Челябіде, Құлжа, Тоқмақ, Әулие-Ата, Қазан және Қостанай қалаларында көтерме және бөлшектеп сату дүкендері болды. Олардың сондай-ақ былғары өңдейтін, сабын шығаратын, мақта тазартатын зауыттары, бу диірмендері, шай және мақта плантациялары болды. 

Бір Яушевтің әйелі Кустанай әйелдер гимназиясының патронесса ханым болған. Яушевтер және басқа татар көпестер қаражаты арқылы алқалы жиылыс мешіті құрылған. 

Революциядан кейін Яушевтар істерін тоқтатып, шетелге қоныс аударды. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында, ЖЭС кезінде ғимарат  Яушевтардың бұрынғы серіктесі Стахеевтардың сауда орны болып қалды. Нәтижесінде мұнда қаланың ірі әмбебап дүкені орналасты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әмбебап дүкеннің жертөлесінде Қостанайға Москвадан көшірілген Мемлекеттік Тарих мұражайының құнды жиынтығы сақталды. 

1960 жылы бірінші қабаттың қасбеті қайта жаңғыртылып, ғимараттың бастапқы түрі, әсіресе бірінші қабат толығымен өзгертілді.  

1989 жылға дейін ғимаратта Орталық әмбебап дүкені болды, одан кейін қайта жаңғырту жұмысы басталып, 1995 жылдан бастап бұл жерде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялық ғимараты орналасты. 2006 жылдың қыркүйегінде ғимараттың Әл-Фараби даңғылы жағындағы бөлігі Достық Үйіне берілді.

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіштің мерзімделуі: XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы,1902 ж.  

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 115

Екі қабатты ғимарат Әль-Фараби және Алтынсарин көш. қиылысында орналасқандықтан Г-бейнелі көріністі жоспарлаған. Құрылыс кірпіштен салынған, сылақталған, кейін бірнеше рет ақталған, бут негізіндегі іргетаста. Ішкі құрылымы - әр қабатта тік бұрышты шектес сауда залдардар тұрады, терезелері орталық көшелерге және аулаға шығады. Қызметтік бөлмелер бөліктерге топталған.

Терезелері Әль-Фараби даңғылына шығатын ғимараты кейін қосылып құрылған, сондықтан батыс қасбеті осы заманға сай. Орталық оңтүстік қасбетінің композициялық негізі бұзылған. Пилястр ритмі және Коробов кумбездері (ортасындағы ірі және екі жағынан) ғимараттың бұрышынан жылжытылған. Сонымен қатар, ғимараттың бірінші қабаты толығымен өзгерген. 

2 қабатының көлбеу ұзындығы канелюрлері бар пилястрлармен 3 терезеге бөлінген. Қасбеті шағын баспалдақты парапетпен, мұнарамен және аттиктермен аяқталады. Аттиктер медальондермен, терезе ойықтары қапталған сәулелі арка-сандриктермен әзірленген. Осы декор ғимаратты әдемі етіп тұр, алып құрылыс ретінде саналады. Күмбездер «шашка» түріндегі металлмен жабылған. Осындай «шашка» түрінде XIX – XX ғ.б. шіркеулер және тұрғын үйлер де әзірленген. Пеш құбырының және парапеттың сәнді элементтері жойылған. Жертөле қабаты нашар белгіленіп, кардонмен аяқталған.

Құрылыстың биіктігі – 10 м. Жоспардағы көлемі - 38,4 х 58,4 м.