Ғимарат соғыстан кейінгі кезеңіндегі өнеркәсіп сәулетінің үлгісі, модерн стилінің соңғы ғимараттырының бірі.
Авторы, құрысшысы, тарихы – белгісіз.
Оның салынғаннан бергі сәулеттік келбеті мен жоспарланымы өзгерген жоқ.Оны қазіргі заманға сай қлыптастыру барысында қосымша қалқалар, бірнеше терезе және еік ойықтары салынды, қасбетті сырлау мәнері өзгерді.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіштің мерзімделуі: 1947 жыл.
Орналасқан жері, мекен-жайы: Қостанай қаласы, Шаяхметов көш., 87
Екі қабатты, кірпіштен, таспалы бут негізінде салынған ғимарат. Қабат аралық және шатыр конструкциялары ағаштан жасалған.
Құрылыстың құрылымдық жоспары көлемдері жағынан өзара әр түрлі блоктардық қатарынан тұрады. Жоспар бойынша негізінде тік бұрышты. Зауыттың кіреберіс блогы цехты әкімшілік бөлігінен жекелеп тұрды.Оның екі кіреберіс есігі болды. Бас қасбетте кіреберіс мәнерлі кескінді фронтондары бар модерн үлгісіндегі сызықтарды қайталайтын ризалиттен салынған. Дыбыс терезесінің фронтон жазықтықтары мен аркалық ойықтары көрермендердің назарын аудару үшін осы үлгі бойынша сәнді қаланып орындалған. Терезелері ойықтарының жоғары жағынан П-тәрізді белбеулермен безендірілген. Жертөлесі кірпіштен жасалған. Қалаудың көлденең және тік белбеулерімен ерекшеленген. Лопаткалар қасбеттердің беті тігінен кесіп өтеді, оларды симметриялы түрде үйлесімге келтіреді, ал көлденең бір белбеулер барлық көлемдер мен бөлшектерді біртұтас біріктіреді. Барлық сәндік элементтер әк ерітіндісімен сыланған және әктелген.
Жоспардағы мөлшері – 12 х 20 м. Жабынға дейін биіктігі – 8 м.