Ескерткіштің мерзімделуі: 1937 жыл.
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114
Қаланың 40-ші жылдарындағы сәулет бейнесін көрсететін, классицизм элементтері бар тарихи құрылыс. .
Авторы, құрылысшысы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы - белгісіз. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп ғимаратында эвакуация емханасы орналасқан болатын, кітапханасында операция бөлмесі болған. Кеңес кезенінде ғимарат саяси білім беру орны болып саналған. Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталығы.
Ғимарат толықтай дерлік қайта салынды, бұл оның қасбетін, сондай-ақ ішкі жоспарлауын өзгертуге әкеліп соқтырды.