Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Мұсылмандар мешіті

Ескерткіш  аумақтық және эклектикалық сәулет тәсілдерінің синтезі болып табылады және  сол кезде осындай діни ғимараттар санының аз болғандығымен де маңызды. 

Мешіт 1893 жылы Татар қыстағында (қазіргі Нариман базарының аумағы) тұратын мұсылмандардың, бай көпестердің  қайырымдылық іс-шараларының арқасында салынды. 

Ресей империясының заңдары мен заңдар жинағына сәйкес жаңа көшіп-қонған  қалалар мен ауылдардағы мұсылман татарлар мен лютеран немістерге және православиелік емес басқа да адамдарға тұруға тыйым салынды немесе шектеу қойылды.  Бірақ жақын жердегі Троицк қаласындағы белгілі татар отбастарының ықпалы мен байлығы жағдайды өзгертті. Татар, кейін Шакиров, одан кейін Нариман қыстағы жас Қостанай қаласының өмірінде елеулі рөл атқарды. Жаңа мешітке негізгі қаржы бөлуші біздің қаладағы белгілі және қайырымды көпес ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Троицкідегі «Ағайынды Яушевтер» сауда үйінің өкілі Абдулвали Ахмедханович Яушев болды. 

Екі қабатты мешіттің жартылай дөңгелек  шығыңқы жері мұсылмандарды намаз оқуға шақыратын биік балконмен аяқталады. Биіктігі 6 метр болатын мешіт ғимараты екі қабатқа бөлінген. Киіз төселген төменгі қабатта  кедей мұсылмандар, қабырғалары мен едені бар және кілем төселген жоғарғы қабатта жергілікті ақсүйектер намаз оқыды. 

1931 жылы қалалық Кеңес шешімімен мешіт ғимараты клубқа берілді. Алғашқы киномеханик С.Захаров: «Клубта кино тек кешке көрсетілді, нақты уақыты көрсетілмей жарнамаға фильм сиыр сауғаннан кейін басталады» деп жазылатынын еске алады. Ұлы Отан соғысы жылдары ғимаратта эвакопункт орналасты, онда эвакуацияланған лениградтықтар тұрды. Соғыстан кейін бұл ғимаратқа ЖККТ (жас көрермен кинотеатры) орналасты, одан кейін ғимарат облыстық филармонияның концерт залына берілді. 1991 жылдан 2016 жылға дейін ғимаратта мешіт орналасты. 

Ескерткіштің интерьері өзгертілді, жертөле деңгейінде бастапқы түрін өзгерткен қосымша құрылыс салынды.

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш мерзімі: 1893 жыл.  

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы 44, Абай даңғылының бұрышы

Мешіт композициясында негізгі көлемді - тік бұрышты, екі қатарлы терезе арқылы жарықтандырылған ғибадат залы алып жатыр. Қазіргі уақытта әр қабаттың жабындысы бар.

Мешіттің алғашқы ішкі көрінісі сақталмаған. 

 Мешіттің интерьері филармонияға лайықталып толығымен өзгертілді. Бірақ, ғимарат жаңартылса да өзінің сәулеттік ерекшелігін сақтап қалды. 

 Мешіттің кесек тастан тұратын іргетасы күйдірілген кірпіштен салынып, кейінірек әрленді.

Мешіттің ұзындығы – 26,86 м, ені - 16,5 м. Жалғастыра салынған құрылысының ұзындығы  - 16,5 м, ені 4,8 м. Михраб ені 3 м.