XX ғасырдың басындағы азаматтық сәулет ескерткіші, орамның тарихи құрылысын салуда қала құраушы фактор болып табылады. Ғимараттың сәулетінде классицизм және ежелгі орыс тас сәулетінің тәсілдері пайдаланылған. Эклектика үлгісі тән.
Ғимарат 1913 жылы салынған. Мұнда көпес дүкені болған. Ғимарат бірнеше рет қайта салынды және ақыры 1980-жылдың соңында көлемі қомақты болды (Қостанайда жалға беруге арналған кіріс үйлері деп аталатын үйлерді өте жиі салатын).
Ғимарат көпес Каргинге тиесілі болды. Басқа болжам бойынша көпес Бәкіровтің бұрынғы үйі.
Қоршалған екі 2 қабатты блок жертөлесімен, 1-қабатта қойма орындарымен дүкен болған. Күнделікті сұраныстағы тауарлар қоймасы жертөледе орналасты. Екінші қабатта тұрғын бөлмелері, қонақ бөлме, асүй болды. Каргин үйінің құрылысымен бірге бір мезгілде Николаев көшесіндегі сауда алаңында (Алтынсарин көшесі) көпес Яушевтердің бір қабатты дүкені салынды.
Бірнеше рет қайта салынғандықтан ескерткіштің бастапқы бейнесі сақталмаған.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71
Пішіні тікбұрышты, жоспардағы мөлшері 104 м х 10,2 м, бойлық ось бойынша шығыстан батысқа қарай созылған блокталған төрт көлемнен тұратын ғимарат. Ғимарат таспалы кесектастан тұрғызылған іргетасқа күйдірілген кірпіштен салынған, екі қабатты, сыланған, ақталған. Шеткі екі блок өзінің сәндік элементтерімен ерешеленеді. Әл-Фараби даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында орналасқан блок солардың бірі.
Бірінші қабаттың терезелері төртбұрышты, үлкен, бөліктерге бөлініп шыныланған, тас маңдайшалармен безендірілген. Бірінші қабаты екінші қабаттан қасбетінің периметрі бойынша қабатаралық белдеумен бөлінген. Екінші қабатының терезелері біріншімен салыстырғанда кішірек және тікбұрышты.
Келесі екінші және үшінші блоктар қасбеттерінің қарапайым безендірілуімен ерекшеленеді. Төртінші блоктың оңтүстік қасбеті әдемі безендірілген.
Үш блоктың шатыры екі жағы да еңісті, соңғы блоктың үстінде шатыржал. Шатыры төбе жабатын қаңылтырмен жабылған. Жертөлесі бар.