Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Жоғары бастауыш училищесі (А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі)

XX ғасырдың басындағы Қостанай қаласында оқу-ағарту ісінің дамуымен байланысты қоғамдық сәулет ескерткіші. Жобаның авторы белгісіз.  

Құрылысы сонау 1895 жылы жоспарланып, 1907 жылы аяқталған оқу орнының тарихы уезд бастығы М. Кочергиннің есімімен тығыз байланысты. Артында жақсы іс қалдыру мақсатында мансабына қарамастан тәуекелге бел буып, бөлінген қаражаттан едәуір көп ақша жұмсап (8 мыңның орнына 30 мың сом), қызметінен айырылып қала жаздайды. Қайырымдылық көрсеткен жекенің қаржысына басшылықтың рұқсат еткен шағын мектебінің орнына екінші қабатын ағаштан жасап, кірпіштен екі қабатты қалалық төрт сыныптық ерлер училищесін салады. 

Ғимарат қалалық төрт сыныптық ерлер училищесі ретінде салынып, кейіннен мұнда әйелдер бастауыш гимназиясы орналасты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де оқу орны болып қала берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қостанайға көшірілген Азов-Қара теңіз институты жұмыс істеді, соғыстан кейін бұл жерде №12 орта мектеп, кейін медициналық училище орналасты. 1986 жылдан бері балалар көркемсурет мектебі.

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш мерзімі: XX ғасырдың басы, 1907 жыл.  

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі,51.

Кірпіштен салынған екі қабатты тік бұрышты дәліздік типтегі мектеп қаланың екі орталық көшелерінің қиылысында орналасқан. Жоспар бойынша ғимарат тікбұрышты нысанда, кіреберіс ойықтарда бірнеше күрделенген шығыңқы жерлері бар. Мектеп дәліздік типте жоспарланған. Мектептің орналасқан жері сәнді бай бояулар мен оның элементтерінің әртүрлілігін ерекшелейтін фронталды топтаманы алдын ала болжағандай.

Қасбеттің төменгі бөлігінің жиекті беті бірқалыпты. Жоғарғы бөлігінің жазықтығы бірнеше шығыңқы жерлермен және сәнді ойық элементтерімен бөлінген. Үлкен терезе ойықтары терезе асты тартымымен  біріктірілген. 2-қабаттың сәндік сәулет элементтері қасбеттің жалпы композициялық шешімін ақ түспен әрлеп ерекшелендіре түскен. 

Жоспардағы мөлшері: 27,8 х 20,4 м. Ғимарат биіктігі – 12 м. Құрылыс көлемі - 4253 м3