Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Реалдық училище (гуманитарлық колледж)

Қостанайда ағарту жұмысын дамытумен байланысты ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық сәулет ескерткіші. Авторы, құрылысшысы белгісіз.

Биліктегілер мен тұрғындардың ұзақ уақыт машақаты 1910 жылы 1-ші қыркүйекте Қостанай қаласында реалды ерлер уилищесін ашуға әкеп соқты. Ол кең ғимаратта орналасты. Училище білікті педагогикалық персоналдармен жинақталды. Директоры инженер – математик В. Петров болды. Училище көрнекі құралдармен және аспаптармен жабдықталды, көпшілігін шетелден алған болса, оның бірнеше жүздеген кітаптары мен оқулықтары бар өз кітапханасы болды. Негізінен ауқатты ата-аналардың балалары оқыған, себебі оқу ақысы жоғары болды.

Бүгін реалды училище ғимаратында Гуманитарлық колледжі орналастырылған, жыл сайын мына мамандықтарда: экономика, құқықтану, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі және т. б. (барлығы 8 мамандық) 1000-ға жуық студент оқиды. 

Ғимараттың жоспарлауы ішінара өзгерді. Батыс жағындағы бірінші қабатта терезелер салынған. Қасбеттердің алғашқы келбеттері өзгертілді. Сәндік элементтер жоқ. Тек қана солтүстік батыс қасбеті өзгермеген.

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіштің мерзімделуі: XX ғасырдың басы, 1910 жыл.

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 109.

Жоспар бойынша ризалиттері бар Г-түрлі ғимарат. Ғимараттың негізгі жоспарлық сызбасы галереялық  тұрпатта. Екі қабатты, кірпіштен, таспалы бут негізінде салынған ғимарат. Сәулет қасбеттері фигуралы шығыңқы қосарланған лопаткамен терезелердің бірқалыпта орналастырылған және стильді  сталактиттермен аяқталған. Құрылыстар бұрыштары осындай лопаткалармен ерекшеленген. Олар ішкі құрылыммен конструктивті байланыста.

Бас қасбеті орталық кірерімен оңтүстік-шығысқа бағытталған тік элементтермен бөлінген (жоғарыда сипатталған), кенеренің үстінде шығыңқы түріндегі шаршы бағаншалар, әрі лопаткалармен бұрыштары және кіреберіс ерекшеленген. Терезе екі ауызды, тікбұрышты нысандар, оңтүстік-батыс қасбетіндегі ризалитті бөлікте. Екінші қабаттың сопақша терезелері сәнді қаланған тосқауылдармен бөлінген. Бастапқы сақталған қасбетінен көрініп тұрғандай, барлық көлемі көлденең кескінделген тартымын екі бөлікке бөледі. Ғимараттың қабырғаларын осындай тартым аяқтайды және олардың оңайлатылған кенере әшекейлейді. Үй – жайдың биіктігі 4,25 м.

Төбесі ағаш, толқынды асбоцементтітақталармен жабылған. Аражабындары темір-бетонды және ағаш. Едені тақтай, қыш. Металл пластикадан жасалған терезелер. Сыртқы қабырғалары әк ерітіндісімен әктелген.