ӨЗДЕНБАЕВ ХАСЕН УАХИТҰЛЫ

(1904 ж., Қостанай облысы Комсомол ауданы - 1992 ж.) - жазушы, фельетоншы, Қазакстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Троицк қаласында татар медресесінде орысша-татарша мектепте, содан кейін гимназияда, Орынборда мұғалімдерді даярлайтын мектепте, Мәскеуде облыс редакторларын даярлайтын курстарда оқып, Қостанайдың мұғалімдер институтын бітірген. Заң, баспасөз орындарында қызмет атқарды. 1929-1930 жылдары Қостанайдың округтік «Ауыл» газетінде фельетон, очерктері жарияланып тұрған. Жазушылық еңбегінің негізгі жанры - көркем аударма.  Орыс жазушылары М.Алексеевтің, И.Вазовтың, М.Шолоховтың «Көтерілген тың», «Тынық Дон», И.Гончаровтың «Обломов», «Белгілі әңгіме», француз жазушылары О.Бальзактың, П.Мэрименің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін198   Кеше234   Бір аптаның ішінде1571   Айында691   Барлығы309849  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі