Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ТОҚТАБАЕВ КӘРІМ (ҒАБДҰЛКӘРІМ) ДОСЖАНҰЛЫ

(1892 ж., бұрынғы Торғай уезі Шұбалаң болысы - 1936 ж., Воронеж қ.) - мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорданың Торғай кеңесінің мүшесі. Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, Қостанай қаласындағы училищені, 1909 ж. Орынбордағы мұғалімдер әзірлейтін жоғары мектепті бітірген. Алдымен Тосын болыстық мектебінде, 1912 жылдан бастап Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде физика мен математикадан дәріс берді және оның меңгерушісі болды. 1916 ж. көтеріліске қатысқаны үшін 2-3 ай түрмеде отырды. Алаш үкіметі мен Алаш партиясы таратылғаннан кейін кеңестік мекемелердің жұмысына араласты. К.Тоқтабаев  Қазақ ОАК-нің саяси науқаны - Қызыл керуеннің жұмысына атсалысты. 1922-24 жылдары Қазақ АКСР Халық ағарту комиссарының орынбасары, Саяси ағарту істері бас басқармасының бастығы, 1925-27 жылдары Семей губерниясының кеңестері атқару комитетінің төрағасы, 1927-31 жылдары Қазақ АКСР халық ағарту, Егіншілік комиссары болып істеді.  1933 жылы қазан айында Алаш ісі бойынша тұтқындалып, 1934 жылы сәуірде бес жылға сотталды. Бұл үкім мамыр айында Воронеж қаласына жер аударылу жазасымен ауыстырылды да, осында 1936 жылы қаза тапты. 1958 жылы ісі қайта қаралып Тоқтабаев ақталды.