Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ТОҒЫЗАҚОВ ҚАСЫМ

(1910 ж., Қостанай облысының Меңдіқара ауданы -1984 ж.) - ақын, аудармашы.

1926 жылы Қостанайдағы педагогика техникумында оқыды. 1930 жылы Ленинградтағы А.И.Герцен атындағы педагогика институтының орыс тілі мен орыс әдебиеті факультетіне түскен. Оның алғашқы өлеңдері 1928 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» газетінде басылды. Өлеңмен жазылған «Сібір Омар» романының авторы. «Жедел қарт» атты фельетондар жинағы жарық көрген. 1934 жылы Алматыға келіп, Қазақстан Жазушылар одағында аударма бөлімінің меңгерушісі болып істеген. 1936 жылы халық ақыны Жамбылдың жеке әдеби хатшысы болып, онымен бірге Мәскеуде болған қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне барады.

М.Лермонтовтың, А. Пушкиннің, В. Маяковскийдің, Н.Некрасовтың туындыларын, Н.Гогольдің «Үйлену» пьесасын, А.Чеховтың «Шағаласын», А.Толстойдың «Алтын кілтін» қазақшаға аударған. Таңдамалы поэмалар мен аудармалары «Айдауық» (1971) деген атпен жеке кітап болып басылды.