Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ӨТЕТІЛЕУОВ БЕКЕТ

(1883 ж., қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Қараоба ауылы - 1949 ж.) - педагог, ағартушы, ақын, аудармашы.

Ауылдық мектептен кейін Қостанайдың 2 кластық орыс-қазақ мектебiнде білім алған. Қостанайдың ауылдық мектептерге оқытушылар даярлайтын «Педагогтік класс» аталатын мектебiн бiтiргеннен соң, Қостанай уезiнiң ауылдық мектептерiнде бала оқытады. Б.Өтетілеуов өз өмірінің көптеген жемісті жылдарын халык ағарту және жастарға адамгершілік тәрбие мен білім беруге, надандықты, қараңғылықты жою күресіне арнады. Халык ағарту майданында ол бар ынта-талантымен еңбек етті.

Ақынның тұңғыш кітабы 1912 жылы «Дүние ісі ақыретке кетпес» деген атпен шығады. 1914 жылы Орынборда «Жиған-терген» кітабы жарық көреді. Ақын И.А.Крылов мысалдарын, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.А.Жуковский, А.Н.Плещеев өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған. 1923-1928 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, соңынан «Қазкоммуна» деп аталатын мектепте меңгеруші, 1925-1929 жылдары аймақтық оқу комитетінің төрағасы, 1930-1949 жылдары мұғалім болып жұмыс істеді. 

Ақын, аудармашы Бекет Өтетілеуов 1949 жылы 9 маусым күні өзінің туған жері Қараоба ауылында қайтыс болды