Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ФАЗЫЛОВ МӘЛІК САБЫРҰЛЫ

(1927 ж., Қостанай облысының Сарыкөл ауданы - 1995 ж.) – кеңестік партия қызметкері, дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақтан шыққан тұңғыш және жалғыз Төтенше және өкілетті елші дәрежесіндегі КСРО-ның Мали мен Мароккодағы елшісі болған дипломат. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. 1951-1956 жылдары Қазақ КСР-ның Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, министрлердің көмекшісі болып істеді.1961 жылдан Көкшетау облыстық партия комитетінің хатшысы, ал 1966 жылдан екінші хатшысы болды. 1974-1976 жылдары Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрі. 1976 жылдан КСРО-ның Мали Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 1983 жылдан Марокко Патшалығындағы КСРО-ның Төтенше және өкілетті елшісі. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды. Үш рет сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Советінің депутаты. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.