(1906 ж., Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мезгіл ауылы - 1995 ж.) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы. 1931-1934 жылдары жұмысшы факультетінде оқыған. «Әйел теңдігі» журналында әдеби қызметкер, жауапты хатшы. Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор болып істеді.
Тұңғыш өлеңі («Женотделге») 1929 жылы, алғашқы өлеңдер жинағы «Жеңешем өлеңдері» 1935 жылы жарыққа шықты. 1945 жылы жеке кітап болып «Мәншүк» поэмасы шыққан.
Балаларға арналған «Бөбегім менің - өлеңім менің» атты суретті кітапшаның, «Ана мейірімі», «Ана махаббаты», «Ана көктемі», «Гүл туралы аңыз» жинақтарының авторы. Екі рет «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қостанай, Арқалық қалаларының Құрметті азаматы, Қостанай қаласындағы бір көшеге, Алтынсарин ауданында округ пен орта мектепке, Қостанай қаласындағы мектепке Мәриям Хәкімжанованың есімі берілген.