Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше107   Бір аптаның ішінде259   Айында559   Барлығы256638  
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 14 желтоқсанында музейде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне «Қазақстан. Ұлы Дала Елі. Тәуелсіздік» атты тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңдерін баяндайтын музейлік альманах өткізілді.
«Өлкенің ежелгі тарихы» залында «Бір жәдігер» көрмесі жұмыс істейді. Қонақтар назарына музей қорына Қаратомар қорымы топтамасымен бірге түскен белбеудің қола тоғасы ұсынылған. Тоғаның сюжеті «Аң стилінде» жасалған, жыртқыщ аңның түйеге шабуылы бейнеленген. Мұндай тоғалар сармат жауынгерлерінің жерлеу орындарында сирек кездеседі.…
2021 жылдың 30 қарашасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УК 161/1 мекемесінің қызметкерлері үшін «Елбасы - ел тірегі» атты онлайн танымдық сағат
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойлы жылында суретшілер өз шығармашылығын көрермендер назарына осы айтулы оқиғаға ерекше сыйлық ретінде ұсынды. Аталған жобаның бастамашылары ҚР суретшілер Одағының Қостанай облыстық ұйымы мен Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы болып табылады. Көрме экспозициясы көрме залдарының екі…
2021 жылдың 24 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қазақ радиосының дамуына үлес қосқан Қостанай облысында туып-өскен журналистер мен дикторлар туралы фотоматериалдармен таныстырды. Көрермендер 100 жыл толып отырған Қазақ радиосының тарихымен танысты.…
Жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдері Халықаралық темекіден бас тарту күнін атап өтеді. Оның мақсаты – темекіге тәуелділіктің таралуын азайтуға көмектесу, темекінің адам денсаулығына зиянды әсері туралы қоғамды ақпараттандыру, алдын алу үдерісіне халықтың әртүрлі топтары мен барлық…
2021 жылдың 19 қарашасында «Достық ағашы» ұлттардың мәдениетаралық диалогы және «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде түрлі халықтардың ұлттық кәдесыйларын жасау бойынша музей шеберханасы ұйымдастырылды. Шеберлік сабағында қатысушылар киізден кәдесыйлар жасап, қосымша оны тоқыма баумен және акрилді…
15.11.2021

Анонс

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз. https://m.egov.kz/survey
15 қараша, ұлттық валюта – теңге күніне орай, Қостанай облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері «Ұлттық теңге – Тәуелсіздігіміздің нышаны» аты танымдық сағат өткізді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік Университетінің студенттері адамзат тарихында ақшаның шығуы мен маңызы туралы, Тәуелсіз Қазақстан Респуликасының қалыптасу…
Жыл сайын қараша айының басында облыстық тарихи-өлкетану музейінде қыстайтын құстардың келуіне орай іс-шара өтеді. Бұл мереке халық арасында «Сары шымшық күні» деп аталады. Ежелден халық жорамалы бойынша 12 қарашаға қарай қыстайтын құстар - сары шымшық, пайызторғай, суықторғай, шекілдек, самырқұстар таяп…
2022, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі