Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін7   Кеше73   Бір аптаның ішінде500   Айында2227   Барлығы253147  
Жаңалықтар
Жалпы ұлттық маңызы бар діни ескерткіштердің қатарындағы Екідың, Арқалық қаласы төңірегінде Екідің маңында орналасқан. Бұл табиғи тастан  салынған ежелгі сәулет өнерінің құрылыстары, пішіні бойынша киіз үйге ұқсас. «Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қызметкері Екідің ескерткіші туралы…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі көрнекті қоғам және саяси қайраткер, лингвист ғалым және түркітанушы А.Байтұрсынұлының  150 жылдығына орай музей сабақтарының топтамасын жүргізеді. Бүгін Қарабалық орта мектебінің оқушылары онлайн режимде көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының қиын тағдыры туралы жан-жақты мағлұмат алды.   Музей…
2022 жылдың 9 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері "Алау" телеарнасының "Өмір ағымы" бағдарламасының көрермендерін қазақтың ұлттық киімдерінің тарихымен таныстырды, сондай-ақ музей қорындағы киімдердің фотосуреттерін көрсетіп, олардың тарихын баяндады.
Қазақтың зергерлік бұйымдарын халық шеберлері - зергерлер жеке әдістермен дайындаған. Олар өз шеберліктерін жақындарына үйретіп, мұрагерлікке  қалдырып отырған. Арнайы зергерлік құралдарды, материал есебінде көбінесе күмісті қолданған. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей…
2022 жылдың 28 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қылқалам құдіреті» атты қостанайлық суретшілердің кескіндеме және графика туындыларының көрмесі ашылды. Көрмеге музей қорынан Қазақстан, Ресей, Грузияның танымал суретшілерінің туындылары қойылған. Барлық кескіндемелік және графикалық жұмыстар өнердің ең эмоционалды жанрлардың бірі -…
2022 жылдың 26 қаңтарында қорықтар және ұлттық парктер күніне орай Мичурин жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» атты онлайн музей сабағы өткізілді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Солтүстік Қазақстанның дала ландшафтарын сақтау мақсатында құрылған қорықтың құрылу…
2022 жылдың 26 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында журналист, ақын, жазушы, «Айқап» журналының бірінші редакторы, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай  музей қорындағы Мұхамеджан Сералин туралы құжаттар және фотоматериалмен таныстырды.  …
2022 жылдың 20 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында өткен «6В02201- Тарих білім беру бағдарламасын жұмыс беруші стейхолдермен талқылау» атты әдістемелік семинарға қатысты. Ол өз сөзінде университет түлектерінің тарихи-өлкетану музейіндегі жұмысына тоқталды, сонымен қатар…
2022 жылдың 19 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері "Алау" телеарнасының "Өмір ағымы" бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында көрермендері "Алексеев мәдени кешені" археологиялық ескерткішімен, қызықты жәдігерлермен   және зерттеу тарихымен таныстырды.
2021 жылдың 29 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында жаңа жылдық шырша ойыншықтарының тарихымен таныстырды. Көрермендерге музей қорынан ХХ ғасырдың әр жылдарында шыршаны безендіруге қолданылған конфетти, серпантин, шыны және картон ойыншықтар туралы…
2022, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі