Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қостанай облысының киелі жерлері» - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған әңгіме-дәріс

17.04.2026
«Қостанай облысының киелі жерлері» - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған әңгіме-дәріс
2026 жылғы 17 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Мұханбетқали Т.З. 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 «Ә» сынып оқушыларына «Қостанай облысының киелі жерлері» тақырыбында әңгіме-дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар Қостанай өңіріндегі тарихи-мәдени мұра нысандары, киелі орындардың маңызы мен олардың ел тарихындағы алатын орнымен танысты. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Дәріс соңында музей қызметкері оқушыларға сұрақтар қойып, олар өз білімдерін көрсетіп, белсенді жауап берді.