2025 жылдың 26 желтоқсанында сағат Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында Қостанай суретшілерінің шығармашылық жұмыстарының «Шабыт толқынында» атты қорытынды көрмесі ашылды.
Барлығы 187 түпнұсқа туынды қойылған: бірінші қабатта 93, екінші қабатта 94. Николай Торшин, Вадим Быков, Наталья Халифаева, Андрей Арискин, Лариса Дмитриева, Олег Кусков және Анатолий Счастливцев сынды танымал қостанайлық суретшілердің кескіндеме жұмыстары қойылған. Олардың қатарында 2025 жылы дебют жасаған Әлия Әбілованың картиналары бар. Вадим Быков, Баян Баталова, Сергей Ли және Екатерина Артемьеваның графикалық жұмыстары көрме кеңістігін үйлесімді толықтырады.
Көрмеде танымал қостанайлық мүсінші Александр Воткальдың мүсіндері де қойылған. Сәндік-қолданбалы өнер Лиана Бадажкованың жарқын композицияларымен және Арлан Аңқауовтың архаикалық үндестік сіңірілген геометриялық басымдық берілген жұмыстары көрсетілген. Анатолий Чернушка, Иван Фиголь және Ольга Рогальская сынды көрмеге алғаш рет қатысып отырған әуесқой суретшілер де айтарлықтай белсенді.
Қорытынды көрме аясында Қостанай суретшілерінің жыл сайынғы облыстық «Пленэр - 2025» көркемсурет жобасының қорытындысы бойынша көрменің салтанатты ашылуы болады. Көрмеде жобаға қатысушы- суретшілермен қатар аймақтың әртүрлі жерлерінде өз бетінше этюдтер жасаған суретшілердің жұмыстары да ұсынылды.
«Шабыт толқынында» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.