Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Күзгі жапырақтардың түсуі» - құрғақ жапырақтардан композиция жасау бойынша шеберлік сабағы

17.12.2025
«Күзгі жапырақтардың түсуі» - құрғақ жапырақтардан композиция жасау бойынша шеберлік сабағы

Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Күзгі жапырақтардың түсуі» - құрғақ жапырақтардан композиция жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Сабақ барысында оқушылар табиғи материалмен жұмыс істеу тәсілдерімен танысып, күзгі және қысқы көріністерді бейнелейтін әсерлі пейзаждар жасауды үйренді. Шеберлік сабағына қатысушылар өз жұмыстарын орындау кезінде жапырақтардың пішіні, түсі мен құрылымын таңдап, қиялдары мен шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсетті. Әрбір композиция бірегей болып, табиғаттың күзгі және қысқы кезеңдеріндегі өзіндік көрінісін айқындады.

Мұндай іс-шараларды өткізу көркемдік талғамды, ұқыптылықты және шығармашылыққа деген қызығушылықты дамытуға, сондай-ақ қоршаған табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.