2026 жылғы 21 қаңтарда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Айсұлу Қабдрахманова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қорындағы қазақ халқының ұлттық киімдері тарихынан ер адамдардың бас киімдері – (айырқалпақ) мұрақ және тымақ туралы әңгімеледі. Көрермендерге музей қорынан алынған музей заттары және фотосурет ұсынылды.