Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін212   Кеше259   Бір аптаның ішінде1351   Айында471   Барлығы309629  
Жаңалықтар
Ұлттық домбыра күніне орай 2018 жылдың 1 шілдесінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында өткен облыстық «Домбыра-думан» іс-шарасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығынан «Күмбірлеген домбыра» атты музыкалық аспаптардың көрмесі ұсынылды. Көрмеде 1916 жылғы көтерілістің басшысы Амангелді Имановтың, Қазақ КСР-нің халық артисі,…
2018 жылдың 27 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Галина Надеинаның «Шығармашылық шаттығы» атты дербес көрмесі ашылды.Көрмеге кескіндеме, графика, батик жанрларындағы 40-тан астам картиналар қойылды. Г. Надеина 2012 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Кескіндеме,…
2018 жылдың 26 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі нашақорлық және есірткі саудасына қарсы Халықаралық күрес күніне арнап Қостанай қаласындағы орталық демалыс паркінде және мұражай холлында «Есірткісіз әлем» ақпараттық-насихат акциясын өткізді. Музей қызметкерлері акцияның қатысушыларына есірткінің зияны, нашақұмарлардың тағдыры, зиянды әдеттерді…
2018 жылы 17 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «ARTiKO»-ның интерактивті шығармашылық кеші өтті. Іс-шара барысында «TheGrateful» музыкалық тобы, автор-орындаушы Александр Пономарев, «INTERDANCE» заманауи бишілер студиясының бишілері, орыс драма театрының актрисасы Анна Горбачевская, «Рисунки Ветром» вокалды-инструменталды тобы, музыкалық…
2018 жылдың 18 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана» атты көрменің тұсаукесері өтті. Көрмеге Тәуелсіздік Сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің 60-қа жуық жұмыстары ұсынылды, оның ішінде:…
14 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Жазғы оқу залы таза ауада «Open-air»» жобасы аясында жазғы кітап оқу маусымының ашылуына қатысты. Жобаны ұйымдастырушы - «Южный» ҚБ кітапханасы. Іс-шараға қатысушыларға музей қызметкерлері «Қостанай облысының қасиетті жерлері» жылжымалы көрмесін ұйымдастырып, облысымыздың жалпыұлттық…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған музей іс-шарасын 2018 жылы 5 маусымда облыстық балалар мен жасөспірімдер пана үйінің тәрбиеленушілеріне өткізді. Мерекеге қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы слайд-бағдарламаны қарап Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен және ұқыптылықпен қарау, халқымыздың…
Әрбір адамның басты құқығы – өмір сүру құқығы. Әлбетте, балалардың да мұндай құқығы бар. Балаларды қорғау күні – бұл халықаралық үлгідегі ең маңызды мереке, 1950 жылдан бері әлемнің барлық елдерінде атап өтеді. Мейрамды 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер…
Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл тек көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар қоғамнан балалардың өмірі мен құқықтарын қорғау талап етілетін мереке, себебі балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. 1 маусым күні…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі