Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, толеранттылық пен ұлтаралық келісім мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Достық ағашы» жобасы басталды. Қостанай облысы аумағында тұрып жатқан ұлттардың мәдениетаралық диалогына арналған жобаға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушылар әр ұлт тілінде тілектерін білдірді және ағаш бұтағын ұлттық кәдесыйларымен безендірді.