18 мамыр Халықаралық музей күнінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңарту» тақырыбымен дәстүрлі «Музей түні» мәдени-білім беру акциясы өтті. Халықаралық музей күні. Жыл сайын Халықаралық музей кеңесінің Дәстүрлі Халықаралық музей күні әлемнің 150 елінде музейге әдеттен тыс уақытта және ерекше жағдайларда келуге мүмкіндік беретін
Түнгі музейге келушілерді қызықты көрмелері мен шеберлік сағаттары, креативті квестер мен перфоманстар күтті. «Арт-квартал» шеберханасында кәсіби суретшілер қонақтарға өз шедеврлерін жасап шығаруға көмектесті. Барлық қызығушылық танытатындар қуыршақтар театрының ғажайып әлеміне кіріп, тек көрермен ретінде емес, сонымен қатар өздерін актер және қуыршақ ойнатушы әртіс рөлінде сомдай алды.
Түнгі музей экспозициясы арасында: қостанайлық суретші Г.М.Соковтың музейге сыйға берілген туындыларынан «Тұлға және уақыт» атты көркемсурет көрмесі; ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қостанай облысының құрылғанына 85 жылдығына арналған фотомарафон қорытындысы бойынша «Туған өлке өмірінен бір күн» фотосуреттер көрмесі; Қазақ-француз орталығының Ойыншықтар музейінің бірегей жәдігерлер көрмесі; «Қостанай көгіндегі құбылыстар» фотокөрмесі; «Өсімдіктер патшалығында» атты сәндік бөлме гүлдерінің көрме-жәрмеңкесі болды.
Музейде 5000 мың жыл бұрын тарихта алғаш Ежелгі Мысырда танымал болған «Сенет» үстел ойынының тұсаукесері өтті.
Импровизацияланған түсіру алаңында өзіне сенімді жастар журналист рөліне еніп, түнгі музейде болып жатқан оқиғалардан репортаж берді.
Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде әсерлі ән-би бағдарламалары, музейдің ішкі көрінісінде және фотоаймақтардағы селфи, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері және шеберлік-сағаттары, алау басындағы әндер, музей «буфетінде» шай ішу болды.