2021 жылдың 31 мамырында «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының төрт жылдығына және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлт жолында құрбан болғандар, ашаршылық ақиқаты» дөңгелек үстелін өткізді.
Іс-шараға мәдениет және білім саласының қызметкерлері, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары қатысты. Қостанай облысының этномәдени кеңістігіндегі жер аударылған халықтардың тағдыры, саяси қуғын-сүргін жылдарында жазаланған туыстары туралы естеліктермен «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н., Қостанай облысы бойынша «Nadzieja» поляк қауымының төрағасы Радомский В.Л. және Қ.А.Жұматаева, Г.Ф. Әбішева бөлісті. Аталған тақырыптағы музейдің іздестіру-зерттеу жұмыстары, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарды жинақтау мен зерттеуді ұйымдастырудағы жұмыс тобының жұмыстары жайында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Н.Қ.Оташева әңгімеледі. Дөңгелек үстел барысында музей және архив қорынан алынған фотосуреттер мен құжаттардың мультимедиялық тұсаукесері көрсетілді.