Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Балалық шақтың ғажайып әлемі» - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Облыстық қуыршақтар театрымен бірлескен мерекелік бағдарлама

01.06.2021
«Балалық шақтың ғажайып әлемі»  - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Облыстық қуыршақтар театрымен бірлескен мерекелік бағдарлама

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай облыстық қуыршақтар театрымен бірлесіп балаларға жарқын ұмытылмас әсер сыйлады.

«Балалық шақтың ғажайып әлемі» мерекелік бағдарламасы әсерлі биден, қызықты ойындардан, тәтті тосын сыйлардан тұрды. «Аквагрим» және «Жас суретші» студиялары жұмыс істеді.   

 

Басты назарда қуыршақтар театры әртістерінің театрландырылған қойылымы болды. Оқушылар ең жақсы балалар қойылымдарынан үзінділер көрді, қуыршақтарды жүргізу бойынша шеберлік сабағын алды, ал ең қызығы қалаушылар өздерін әртістер рөлінде сынап көре алды.

    

Іс-шара ұйымдастырушылары мерекенің эмоционалды жағымды атмосферасын құра алды. Балалар көптеген жағымды эмоциялар мен керемет көңіл-күйге ие болды.