Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Өңірлік музейлер арасында өткен «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» атты онлайн телекөпір

31.05.2021
Өңірлік музейлер арасында өткен  «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» атты онлайн телекөпір

ҚР Мәдениет және спорт минситрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және ҚР Ұлттық музейі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында 2021 жылдың 28 мамырында өңірлік музейлер арасында тікелей эфирде онлайн тәртібінде «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» телекөпірін өткізді. Телекөпірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Н.Қ.Оташева «Дәрігерлер Ә.Алдияров және Ә.Байғуриннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі» және Е.А.Суряднова  «Политические  репрессии 1920-1950-х годов в Костанайской области» тақырыптарында баяндама жасады.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан жастарының назарын өзектендіру және тоталитаризм мен қуғын-сүргін жылдарындағы еліміздің тарихындағы оқиғаларға эмоциялық үн қосу.