5 мамыр күні сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған музейдің қор жиынтығынан "Мәңгі жадымызда" атты көркем көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмеде бейнелеу өнерінің танымал шеберлерінің 5 кескіндемелік жұмыстары ұсынылды: С.Мартовтың "Полктың ұлы", А.А. Лазыкиннің "Жасақтар", "Майданға нан", Л.Кабылкиннің "Мәңгілік алау жанында", О.Кужеленконың "Әскерден қайтқан жауынгерлермен кездесу" суреттері.
"Мәңгі жадымызда" көрмесі – бұл батылдық пен табандылықты танытқан, әлемнің болашағын сақтап қалған майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне деген құрмет.