Жауынгерлердің Ұлы Жеңісті жақындатқан ерліктері ұрпақ жадында мәңгі қалады. Оны ұмытпау үшін есте сақтау керек, ал жадымызда сақтау үшін білген жөн. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында музей қызметкерлері аты аңызға айналған ұшқыштардың, екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары Иван Фомич Павлов пен Леонид Игнатьевич Беданың ерліктері туралы «Біздің жерлестеріміздің майдандағы ерліктері» атты бейне лекторий дайындады.
2021 жылдың 6 мамырында фильм Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне көрсетілді.
Facebook https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/1060886054402276
Vkontakte https://vk.com/video397862586_456239383
Instagram https://www.instagram.com/tv/COhMwg0APTs/?utm_source=ig_web_copy_link