Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін92   Кеше77   Бір аптаның ішінде435   Айында1992   Барлығы237651  
Жаңалықтар
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі жыл сайын жазғы демалыс уақытында жазғы лагерьлерде демалатын балалар үйлері тәрбиеленушілері мен балалар үшін көшпелі көрме акциясын ұйымдастырады. Музей қызметкерлері 2016 жылы 27 шілдеде Бәкіров атындағы демалыс лагерінде «Шектеусіз мұражай» атты акция шеңберінде: «Тобыл жағалауындағы қала»,…
Биыл Қостанай облысы ең маңызды даталардың бірі облыстың құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеді. 1936 жылы 29 шілдеде Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Төрағасы Калинин Ақтөбе облысының 11 ауданынан және бұрынғы Қарағанды облысының 1 ауданынан Қостанай облысын құру туралы жарлыққа қол…
2016 жылдың 4 тамызында қостанайлық танымал фотосуретші Николай Андреевич Кудинов 75 жасқа толады. Осыған орай, 2016 жылдың 15 шілдесінде картина галереясында фотосуретшінің төртінші дербес көрмесі ашылды. Николай Кудинов фотосуретпен 45 жыл бойы айналысып келеді, алғашында әуесқой қызығушылық болса, кейін кәсібіне…
6-шы шілдеде қазақстандықтар Астананың 18 жылдығын атап өтеді. Астана күні - 1998 жылы қала Астана мәртебесін алғаннан бастап атап өтілетін мереке. Бұл мерекенің халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәні бар және ол жас тәуелсіз мемлекет жетістіктерінің символы болып табылады. 2016 жылы…
2016 жылы 16 маусымда сағат 12.30-да Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Техникалық шығармашылық мектебі оқушылары туындыларының «Балалар қолынан шыққан ғажайыптар» атты көрмесінің ашылуы өтті. Балалар шығармашылық мектебі - бұл эстетикалық, сәндік-қолданбалы және интеллектілік даму саласындағы көп бейінді орталықтың бедел-бейнесі нық бекіген…
1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 26 маусымды Дүниежүзілік нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күні деп жыл сайын атап өтуді бекітті. Наркологиялық кесел көптеген теріс әлеуметтік салдарды туғызатын қоғамның ең ауыр мәселелерінің бірі болып отыр. Олардың ішінде: наркологиялық кеселдің және…
2016 жылдың 4 маусымында ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және өнер» факультеті студенттерінің көрмесі ашылды. Көрме ҚР суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Баян Жолдыбайқызы Баталованың бастамасымен ашылды. Көрме экспоненттері - «Тарих…
4 маусым күні Қазақстан ерекше мәні бар мереке - Мемлекеттік рәміздер Күнін атап өтеді. Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, халқымыздың бірлігі мен билігінің даусыз айғағы болып табылады. Біздің еліміздің негізгі заңында әрбір азамат Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік…
Жыл сайын жаздың алғашқы күнінде үлкен мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Алғаш рет балаларды қорғау күні 1950 жылы атап өтілді, қазіргі күні бұл мерекені әлемде 30-дан астам ел тойлайды. Осы күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қонақтарға мазмұнды,…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Халықаралық мұражай күнін Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатын «Мұражай түні» акциясымен атап өтті. 8 жыл бойы мұражай жаңа әріптестер мен достар тауып, келушілерге беймезгіл уақытта өз есігін ашты. Биыл ИКОМ Консультативтік комитетінің шешімімен Халықаралық…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі