2021 жылдың 28 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру - елімізді болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Н.Е.Әбдібеков, Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Ә.Бимағанбетов, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Г.Х.Әмірхамзина, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н.Қ.Оташева қатысты. Музей қызметкері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұраларды сақтау және насихаттау бойынша жұмыстары туралы айтып өтті.