Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қолөнер сиқыры» Қостанай шеберлері жұмыстарының көрмесі

27.09.2021
«Қолөнер сиқыры» Қостанай шеберлері жұмыстарының көрмесі

2021 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында қостанай шеберлері жұмыстарының «Қолөнер сиқыры» атты көрме ашылды. Көрме ерекше мәні бар - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының мерейтойлық жылында өтуде.

Көрмеде қостанайлық шеберлердің тығыз, жарма кестелермен және моншақтармен сәнді әшекейленген қолөнер бұйымдары ұсынылған.

«Қолөнер сиқыры» көрмесі «Квадрум» багет шеберханасының жетекшісі Александр Намның бастамасымен бірнеше жыл бойы қостанайлық кесте тігушілер үшін өткізілетін көрме-байқау.

Көрермен көркемдік шеберлікпен, жұмыстың нәзіктігімен, шабытпен, тақырыптар мен жанрлардың алуан түрлілігімен таң қалдыратын hand made өнер туындыларын көруге мүмкіндік алады. Бұл - табиғаттың қайталанбас сұлулығын, түрлі-түсті натюрмортты және ұлттық нақыштағы тамаша композицияны жеткізетін әдемі пейзаждар.

Қазіргі уақытта кесте - өнердің көне түрлерінің бірі, қайтадан танымалдық шыңында. Қолөнер шеберлері ұлттық мұраның қазынасынан керемет үлгілерді ала отырып, жаңа бағыттар мен тенденцияларды зерттейді, авторлық сәнді тігістер жасайды.