Қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні деп аталып өтіледі, жас қазақстандықтардың жасампаз еңбек құндылығын сезіну және кәсіпқойлықты құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту мақсатында 2013 жылдың қараша айында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді.
Мереке қарсаңында 2021 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Еңбегімен еленген жандар» атты кездесу өтті. Оған музейдің жетекші мамандары - антрополог және археолог А.В. Колбина және биолог-эколог А.В. Андрющенко қатысты. Іс-шара барысында №22 ОМ 9 сынып оқушылары музей ісінің мамандарымен әңгімелесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.