Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған «Құт қонған Қостанай» көрмесінің Көкшетау қаласындағы тұсаукесері

10.10.2021
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған  «Құт қонған Қостанай»  көрмесінің Көкшетау қаласындағы  тұсаукесері

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Көкшетау - Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» музейаралық инновациялық жобасы аясында Көкшетау қаласы мен облыс тұрғындарының назарына Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы жәдігерлерден «Құт қонған Қостанай» көрмесі ұсынылды.

Көрермендер «Құт қонған Қостанай» көрмесі экспозициясында Қостанай облысының мәдени-тарихи мұрасымен танысты. Көрмеге минералдардың сирек үлгілері; тас ғасыры, қола дәуірі мен ерте темір ғасырының бірегей археологиялық олжалары; қазақ батырларының сауыттары мен қару-жарақтары, аңшының құрал-жабдықтары; зергерлік әшекейлер, өлке ұлыстарының ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары қойылды. 

Көрмеге музейдің бағалы көркемсурет жиынтығынан Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған шеберлер: Ә.Қастеев, Н.Хлудов, Л.Леонтьев, Ж.Шәрденов,

Х. Наурызбаев, Ғ.Баян; танымал қостанайлық суретшілер мен қолөнер шеберлері: Г.Соков, Н.Торшин, А. Шестаков, С.Луговой, Н.Халифаева, С.Шалунова, С.Ищанов, А.Аңқауовтардың туындылары қойылды. 

Іс-шара Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық ғимаратында өтті.