2021 жылдың 20 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақ хрестоматиясы беттері бойынша» атты кітап театрын ұйымдастырды.
Іс – шараға І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеті, Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназия, № 9, 24, 27 жалпы білім беретін мектептер қатысып, «Қазақ хрестоматиясы» кітабына енген, тәрбиесі мен тәлімі мол «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Өтіріктің залалы», «Жаман жолдас», «Жәнібек батыр» және тағы басқа шығармаларынан сахналық көріністер көрсетті.
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары жастарды еңбекті сүюге, оқу-өнерге ұмтылуға, Отанына деген патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға үндейді.
#Qazaqstan30 #МузейҚостанай #180летИбрайАлтынсарин