Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін56   Кеше61   Бір аптаның ішінде335   Айында190   Барлығы238065  
Жаңалықтар
1 маусым - Балаларды қорғау күнінде көпбалалы отбасы балаларына Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық залдары бойынша квест-саяхатқа қатысу мүмкіндігі берілді, олар өз қаласының тарихымен толығырақ танысып, өлкетану бойынша білімдерін толықтырып, соңында «Шытырман оқиға іздеуші» дипломымен марапатталды. Квест ойынға қатыса отырып…
Суретші-қолөнерші Николай Гончаров көрмені өзінің 75 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырып отыр. Көрмеге автордың монументалды өнер, көрнекті тұлғаларға және елеулі тарихи күндерге арналған медальдары мен плакеткалары, металлопластик, зергерлік бұйымдары, этюдтық суреттеріжәне оның шәкірттерінің жұмыстарықойылған. Николай Гончаров - ҚР суретшілер одағының…
Музей түні акциясы «Елін сүйген Елбасы» атты көрменің және «Қызғалдақтар - Ұлы дала символы» фотокөрмесінің тұсаукесерінен басталды. Музейге келушілерге этнографиялық театрландырылған - ойын бағдарламасында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар көрсетілді. «Қазақ тұлпары» ЖШС аттарымен серуендеу, жанданған картиналар, йогадан және үнді биінен…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен шеберлік-сағаты Халықаралық отбасы күніне арналды. Музей қызметкерлері іс-шараға №24 «А» мектеп-гимназиясының шәкірттерін шақырды. Оқушылармен өткен шеберлік-сағаты жемісті болды. Балалар фетрдан жасаған «бақыт құсын» ризашылық көңілмен өздерімен алып, көңілмен тарады.
Өткізілетін уақыты: 17 мамыр 2019 ж., сағат 18.00-ден 23.00-ге дейін. Өткізілетін орны: Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі (экспозиция және көрме залдары, музейдің ішкі ауласы, Тарихи бақ) Алтынсарин көшесі, 115 мекенжайы бойынша 18 мамыр - Халықаралық музей күні. Музейге әдеттен тыс уақытта…
Құрметті қостанайлықтар мен қала қонақтары! Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі дәстүрлі «Музей түні» акциясына шақырады.
Бүгін облыстың зиялылары, ақындары, қыл қалам шеберлері, жалынды жастары және алыс-жақыннан келген қонақтары «Айналдым сенен, Атамекенім!» атты облыстық қызғалдақтар фестивалінде бас қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны, соның ішінде қызғалдақты қорғауға шақыру. Ұлттық дәстүрдің ұйытқысы болып табылған іс-шара аясында…
Ұлы Жеңіске арналған «Қасіреті естен кетпейді!» атты театрландырылған әдеби-сазды композициясы шеңберінде «Майданнан келген хаттар» акциясы өтті. Шара барысында қатысушыларға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған майдан хаттарын оқуға мүмкіндік берілді. Ол үшбұрыш хаттар - ұрыс даласында жүріп үйіне, ата-анасына, туған-туысына…
Ұлы Жеңіс күні - Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһарман аталарымыз, әкелеріміз, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен…
2019 жылы 25 сәуір күні еліміздің астанасында Тәуелсіздік сарайында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың «Қас – қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Дербес көрмеде 50-ден астам кескіндеме және графика туындылары қойылған. Вадим Быков әр түрлі…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі