2023 жылдың 09 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімеледі. Әңгіме барысында музей қорынан алынған ақынның жеке заттары, фото-құжаттары, туындылары көрсетілді.