2023 жылдың 5 тамызында Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «ТУҒАН ЖЕР – ТҰҒЫРЫМ, ТУҒАН ЕЛ - ҚЫДЫРЫМ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. - Конференцияның мақсаты: Тарихи-мәдени мұраны сақтау және жас ұрпақтың бойында бабаларға құрмет тағылымын қалыптастыру; Тарихи тұлғалармен байланысты Қазақстанның, оның ішінде Орқаш елдімекеніне қарасты киелі орындарды насихаттау; Конференцияға қатысқандар: тарихшылар, өлкетанушылар, ЖОО оқытушылары, архив, музей қызметкерлері. Іс-шара аясында «Teleu baba» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.