Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Балалардың ерекше жұмыстарынан құралған «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі

15.08.2023
Балалардың ерекше жұмыстарынан құралған  «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі

2023 жылғы 15 тамыз күні Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында балалардың ерекше жұмыстарынан құралған «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ашылды. Көрмеге бейнелеу өнері, кескіндеме, мүсіндеу, сәндік-қолданбалы өнердің 300-ден астам балалар туындылары, түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған шығармашылық композициялар қойылды. Көрмеге қатысушылардың жасы 4-тен 17 жасқа дейін. Олардың әрқайсысы өздері үшін сюжет пен техниканы таңдаған. Бірақ олар жалпы көңіл-күйді қалыптастыра алды: қуанышты және бақытты. Балалық шақта көп нәрсе басқаша қабылданады. Балалардың шығармашылық жұмыстары бізді еріксіз балалық шаққа қайтарады. Көрме қыркүйек айының 15-не дейін жалғасады.