Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі базасында қаламызда алғашқы рет «Open air Art – 2023» фестиваль-көрмесі өтті.
Бұл фестивалдің әлеуметтік әсері Қазақстанның әр өңірінен келген талантты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің басын қосып, шығармашылық қолөнер туындылары арқылы облысымыздың киелі жерлерін насихаттайды.
Жобаны іске асыру барысында адамгершілік құндылықтарды, тарихи сананы қалыптастыруға, өскелең ұрпақты толерантты көзқарас рухында тәрбиелеуге, бейнелеу өнері саласындағы мәдени дәстүрлерді сақтауға ықпал етеді.