2023 жылдың 25 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық залында халық музыканты, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына екі жүз жыл толуына орай музейдің қор жиынтығынан бір сурет көрмесі ашылды. Келушілердің назарына суретші Молдахмет Кенбаевтың 1972 жылы салынған «Құрманғазы» картинасы ұсынылды.
Белгілі домбырашы, көптеген күйлердің (домбыраға арналған пьесалардың) авторы қазақ музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Көрмеде көрермендер ұлы композитордың туған жердің сұлулығына тамсанып, суретшінің шексіз дала бейнесі арқылы шебер жеткізген тұлғасын көріп, сезіне алады.