Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ою-өрнек құпиясы» көрмесінің ашылуы

26.07.2023
«Ою-өрнек құпиясы» көрмесінің ашылуы
2023 жылдың 14 шілдесінде сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында «Qoloner» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ою-өрнек құпиясы» көрмесі ашылды. Көрме киізбен жұмыс істейтін шеберлер мен олардың шәкірттерінің жұмыстарының өзіндік қорытындысы іспеттес. Экспозицияда дымқыл және құрғақ киіз басу әдісімен жасалған 40-тан астам киіз бұйымдары ұсынылды. Белгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталова және «щи тоқу», «киіз басу» бағытында жұмыс істейтін қолданбалы суретші, Қостанай қаласындағы физик- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Қыпшақбаева Динара бастаған қостанайлық 30 қолөнерші ерекше ықыласпен түрлі тақырыптардағы әдемі панноларды дайындаған.23 жылдың 14 шілдесінде сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында «Qoloner» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ою-өрнек құпиясы» көрмесі ашылды. Көрме киізбен жұмыс істейтін шеберлер мен олардың шәкірттерінің жұмыстарының өзіндік қорытындысы іспеттес. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.