Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін68   Кеше64   Бір аптаның ішінде213   Айында68   Барлығы237943  
Жаңалықтар
Музей қызметкерлері ҚР елордасы күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар топтамасын өткізді. Генерал Бәкіров атындағы сауықтандыру лагерінде демалып жатқан Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, облыстық тарихи-өлкетану музейінде «QOSTANAI» телеарнасының «Радуга» бағдарламасының кішкентай жүргізушілеріне арнайы ұйымдастырылды. Іс-шара «Еуразия жүрегіне» атты саяхат ойын түрінде өтіп,…
Музей қызметкерлері «Шексіз музей» мәдени-білім бері акциясы шеңберінде генерал Бәкіров атындағы сауықтандыру лагерінде демалып жатқан Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында қолөнерші Қарлығаш Бейсова балаларға қағаз бетіне таяқша, губка, балауыз сияқты заттармен гүл салудың түрлі техникаларын көрсетті.  …
1 шілдеде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  генерал Бәкіров атындағы сауықтандыру лагерінде дәстүрлі «Шексіз музей» мәдени-білім беру акциясын ұйымдастырды. Акция шеңберінде Рудный балалар үйінің үлкен және орта жас тобы тәрбиеленушілерінің арасында ерекше викториналар, жарыстар мен көңілді ойындар өткізді.  Әсіресе балалар…
26 маусымда аталып өтілетін Дүниежүзілік нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күні жастарға нашақорлықтың зиянын көрсету, олардың саламатты өмір салтын ұстауға қабілеттілігін арттыру, есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға бағытталады. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қоғам дертіне, әлеуметке ортақ проблемаға айналған нашақорлыққа…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қазақстандық белгілі фотограф-өлкетанушы Д.П. Багаевтің (1884 – 1958 ж.ж.) ең үздік жұмыстары көрмесінің тұсаукесері өтті. Д.П. Багаевтің Павлодардағы үй-музейі қорынан «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» атты көрмеде 50 сюжетті-этнографиялық, ландшафты, портретті, репортажды-оқиғалы суреттер…
Қостанай қаласының тұрғындарымен қонақтарын 2019 жылдың 21 маусымында сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде өтетін фотограф-өлкетанушы Д.П. Багаевтің Павлодардағы музей-үйі (Павлодар қ.) қорынан «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» атты көрмесінің тұсаукесеріне шақырамыз.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің залында қостанайлық суретші-қолөнерші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері Николай Гончаровпен шығармашылық кездесу болды. Автордың үстіміздегі жылдың мамыр айында ашылған «Жүректен шыққан туындылар» атты дербес көрмесінің экспозициясы аясында суретші…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде балаларды қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Тірі ғаламшар» атты балаларға арналған экологиялық-танымдық интерактивті бағдарлама шеңберінде іс-шара өтті. Балалардың сирек кездесетін жануарлар және қорғауға алынған түрлері туралы қызықтырған сұрақтарына музей қызметкері А.В.Андрющенко жауап берді. Іс-шара…
Бүгінде мемлекеттік  рәміздер күні әрбір қазақстандықтың патриотизм мен елге деген мақтанышын оятатын мерекеге айналды. №2 орта мектептің оқушылары мерекеге орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Туған елім менің – Қазақстаным!» атты интеллектуалды-танымдық ойынға қатысты. Балалардың назарына мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы туралы құжатты…
1 маусым күні музей қызметкерлері «Дети дождя» атты аутист балаларға түрлі техникада сурет салуды үйретуге арналған шеберлік сағатын өткізді. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орайластырылды. Шебероік сағатының мақсаты ерекше балардың шығармашылық ынтасына қолдау көрсету.
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі